27.10.2020, 11:26
Жаңалықтар
Бюджетке 1,3 млрд теңгеден астам салық төлеуден жалтарған елордалық сотталды
Ол 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды
фото: Батыржан Беспаев
Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Атырауоблтяжстрой» ЖШС басшысына қатысты аса ірі мөлшерде салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді жүргізуден жалтару фактісі бойынша қылмыстық іске тергеу жүргізді.
Тексеріс нәтижесіне сәйкес, кәсіпорын үш жыл ішінде 1,3 млрд теңгеден астам сома салық төлеуден жалтарған.
Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 сотының үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 245-бабы 3-бөлімінде қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кәсіпорын басшысына 3 жылға коммерциялық ұйымдарда басқару лауазымдарын атқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды