$ 518.37  609.97  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.10.2020, 23:27
Жаңалықтар

Ақмола облысында қаза болған полицейлердің отбасына 11 млн теңгеден беріледі

Олардың өліміне кідәлі күдікті 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Ақмола облысында қаза болған полицейлердің отбасына 11 млн теңгеден беріледі
Файл: polisia.kz

Бүгін Ақмола облысында екі бірдей полицей бір мезетте қаза тапты. Олар қызмет бабымен түнгі патрульден қайтып келе жатқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Қызмет бабында қаза тапқан Отарбаевтың 3 баласы бар болса, Хамидуллиннің 7 жасар ұлы мен аяғы ауыр әйелі бар. Атталған оқиға бойынша жол апатына кінәлі Lexus автокөлігінің жүргізушісі ұсталды. Ол Щучинск қаласының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол бірнеше рет сотталған.

«Күдікті 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Сондай-ақ облыстық полиция департаменті қызмет барысында мерт болған полицейлердің отбасына 11 млн теңгеден материалдық көмек көрсетілетінін жеткізді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Жалпы, тәуелсіздік жылдарында ақмолалық 25 тәртіп сақшысы қызмет барысында қаза тапқан.

Серіктес жаңалықтары