Атырау облысында карантин шаралары туралы қаулыға өзгеріс енгізілді
Қоғамдық жағажайлардың, аттракциондардың қызметіне тыйым салынады

Атырау облысында карантиндік шектеулерге байланысты жаңа қаулы шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Атырау облысының аумағында 2020 жылғы 16 қазан сағат 00:00-ден бастап COVID-19 - дың эпидемиологиялық ахуалы тұрақтанғанға дейін шектеу шаралары ұзартылсын», - делінген қаулыда.
Сондай-ақ облыс аумағында:
1) көрме, форум, конференция, сондай-ақ отбасылық, еске алу (банкет, той, мерейтой, садақа), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де шаралардың өткізілуіне, думанды, ауқымды спорттық шараларға тыйым салынады;
2) ойын-сауық орталықтарының (караоке, бильярд, компьютерлік клуб, түнгі клубтар, боулинг орталықтар, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары бар аттракциондар, батуттар және басқалары), фудкорт, банкет залдары, букмекерлік кеңселердің, кинотеатрлардың (күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда ашық ауадағы кинотеатрларды қоспағанда) қызметіне тыйым салынады;
3) қоғамдық жағажайлардың, аквапарктердің, аттракциондардың қызметіне тыйым салынады;
4) саяхаттық катерлер (өзен трамвайы) қызметіне рұқсат жоқ;