15.10.2020, 21:53
Жаңалықтар
Петропавлда жоғалып кеткен 8 жасар қыз алты сағаттан кейін табылды
Ол таңертең сағат 10.00 шамасында дүкенге кетіп, үйіне оралмаған
Фото: баспасөз қызметінен
Петропавлда жоғалған 8 жасар қыз алты сағаттан кейін аман-есен табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Петропавл тұрғыны «102» нөміріне хабарласып, қызының жоғалғанын айтқан. Қыз таңертең сағат 10.00 шамасында дүкенге кетіп, үйіне оралмаған. Ата-ана баласын 4 сағат іздеп, полицияның көмегіне жүгінген. Қызды полицейлер екі сағаттан кейін тапты», - деп жазылған хабарламада.
Полиция қызды ойнап жүрген жерінен тапты. Ол үйіне аман-есен қайтарылды.
Көп оқылған
17.08.2026, 13:34
«Барни» үшін күйеуі соққыға жыққан»: Жамбылда 19 жастағы жүкті келіншектің өлімі тергеліп жатыр (ВИДЕО)
18.08.2026, 10:42
«Денесінің сау тамтығы жоқ»: «Барни» үшін құрбан болды деген келіншекке қатысты сұмдық мәлімет жарияланды
17.08.2026, 09:42
Абай облысында қаны тоқтамай жатқан баланы полицейлер ауруханаға 12 минутта жеткізді