15.10.2020, 21:02
Жаңалықтар
Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бұл облыстарда қатты жел соғады
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
«16 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз 25 м/с болады. Қостанай облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 18 м/с жетеді. Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі», - деп жазылған хабарламада.
Көп оқылған
18.11.2026, 08:22
«Төрт сағат жолда жатып қалған»: Қарағанды облысында оқушы қызды қағып өлтіріп алған әйел оқиға орнынан қашып кеткен
18.11.2026, 12:05
Астананың аспанынан доллар лақтырған Жақыпов пен Отыншиевтің қайда отырғаны белгілі болды
18.11.2026, 10:15
Қазақстанда іздеуде жүрген және наркологиялық есептегі 720 мың адам inDrive пен Yandex-те такси қызметін ұсынған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
