$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.10.2020, 17:15
Жаңалықтар

Соңғы тәулікте елге ұшып келген 1900-ден астам адамның 484-і стационарға жатқызылды

Жолаушылар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларына ұшып келген

Соңғы тәулікте елге ұшып келген 1900-ден астам адамның 484-і стационарға жатқызылды
Фото: ашық дереккөзден

6 қазаннан бастап енгізілген өзгерістерге сәйкес, шетелдік азаматтар Қазақстанға ұшып келген кезде коронавирусқа теріс нәтижелі ПТР-тестін көрсетуі тиіс. Ал біздің ел азаматтары ПТР-тесті болмаған жағдайда 2 күнге стационарға жатқызылады. Ұшақ жолаушыларына қатысты соңғы мәліметтерді Денсаулық сақтау министрлігі мәлімделді. 

«Соңғы тәулікте Нұр-Сұлтанға 509 жолаушы келді, оның 177-сі карантинге жабылды. Алматыға келген 1228 жолаушының 278-і анықтамасыз ұшып келгендіктен, стационарға жатқызылды. Атырауда 28 адам ПТР-тест тапсыру үшін стационарға жөнелтілді. Жалпы, соңғы тәулікте 1912 адам елге оралды. Оның 1428-і ПТР-тестін көрсетті, 484 адамда тест болған жоқ»,- деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.

Сымбат Молдатай, Нұр-Сұлтан 

Серіктес жаңалықтары