15.09.2020, 23:35
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда тұрғындардың атынан онлайн-кредит рәсімдеген адам ұсталды
Күдіктінің әрекетінен 50-ге жуық адамның зардап шеккені анықталды
Фото: ашық дереккөзден
Нұр-Сұлтанда тұрғындардың атынан онлайн-кредит рәсімдеген 40 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Күдікті қаржы ұйымдарының менеджерлерін алдап, олардан астаналықтардың жеке деректерін алып, тұрғындардың атына онлайн-кредит рәсімдеген. Ол дербес деректерді пайдаланып, жәбірленушілердің есептік жазбасына кіруге мүмкіндік алған. Кейін кредит алып, ақшаны виртуалды карта немесе электронды әмияндар арқылы алған», - деп жазылған хабарламада.
Бүгінде алаяқтың әрекетінен 50-ге жуық адамның зардап шеккені анықталды. Ол 40 жастағы ер адам уақытша тергеу изоляторына қамалған.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
