Үлескерлер 3 млрд 200 млн теңгеге алданып қалған
Қазір 27 қылмыстық іс тергеліп жатыр
Қазақстанда үлестік құрылыс саласында 27 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ал зардап шеккендер саны 300-ден асады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме дасап
ҚР ІІМ мұндай проблема аймақтарда ғана емес, бас қалада да бар юын айтты. Мәселен бір ғана «Шығыс» тұрғын үй кешені бойынша шығын көлемі 185 миллион теңгеге жуықтайды. Әзірге 24 жәбірленуші анықталған. Бұдан өзге комфорт санаттағы баспанаға да қатысты тергеу әлі жалғасуда.
«Нұр-Сұлтан қаласында Expo New Life тұрғын үй кешені үлескерлерінің өтінішімен «Шанг Хи Груп» ЖШС-на қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл қылмыстық іс бойынша біз екі эпизодты тіркедік, келген залал сомасы 2 миллиард теңгеден асты. Маңғыстау облысында «Махаббат» тұрғын үй кешенінің құрылысы жөнінде қылмыстық іс тергелуде. Мұнда 21 үлескер жәбірленуші, залал 252 миллион теңгеден асады», - деді ҚР ІІМ тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов.