Қазақстанның сегіз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сонымен қатар синоптиктер Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында да ескерту жариялады
Қазақстанның сегіз облысында және Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
16 қыркүйек күндіз Маңғыстау облысында найзағай жарқылдап, шаңды дауыл тұрады.
Қызылорда облысында күн күркіреп, шаңды дауыл соғады. Батыстан және оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Атырау облысында найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады.
Ақтөбе облысында да күн күркірейді, батыстан және солтүстік-батыстан соққан желдің қарқыны 18 м/с жетеді.
Шымкент қаласында батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
16 қыркүйекте Ақмола облысында оңтүстік-батыстан 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Нұр-Сұлтан қаласында оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз 23 м/с дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады. Найзағай жарқылдап, дауыл тұрады, бұршақ жауады. О ңтүстік-батыстан және батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 25 м/с болады.
16 қыркүйекте Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, батыстан күшті жел тұрады.