20 қыркүйектен бастап Алматы мен Бішкек арасындағы әуе рейсі қайта жанданады
«Эйр Астана» әуе компаниясына тиесілі ұшақ аптасына 2 рет қатынайды
20 қыркүйектен бастап Алматы – Бішкек арасындағы әуе рейсі қайта жанданады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан аумағында коронавирус инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 3 қыркүйектегі шешіміне сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, эпидемиологиялық жағдайдың деңгейін ескере отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) картасына сәйкес, 20 қыркүйектен бастап Қырғызстанмен арада қатынайтын халықаралық рейстер қайта жаңартылады», - делінген ақпаратта.
«Эйр Астана» әуе компаниясына тиесілі ұшақ Алматы – Бішкек бағытында аптасына 2 рет (сейсенбі, жексенбі) қатынайды. ҚР Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әуе рейстері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалады.