Елорда тұрғындары арасында веложарыс өтеді
Ол үшін Strava қосымшасын пайдалану керек

Жарыс 15-25 қыркүйек аралығында қатысушылар үшін ыңғайлы уақытта өткізіледі, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Нұр-Сұлтанда жыл сайын спортпен айналысуға қолайлы жағдайлар жасалып келеді. Жаңа веложолдар мен жүгіру жолдары, арнайы жабдықталған алаңдар, жаңа спорт орталықтары салынуда. Соның нәтижесінде, салауатты өмір салтын ұстанатындар саны артуда.
Бүгінде Триатлон паркі, Астана, Жерұйық саябақтары мен Ботаникалық бақта веложолдар мен жүгіру жолдары жұмыс істейді. Велосипед жолдарының ұзындығы үнемі өсіп отырады. Қазір олардың жалпы ұзындығы – 70 км, бұл көрсеткішті 123 км-ге жеткізу жоспарланған.
15-25 қыркүйек аралығында елорда тұрғындары саябақтарда жүгіруге және веложарысқа шақырылады. Ол үшін Strava қосымшасын пайдалану керек. Қатысушылар өздеріне ыңғайлы уақытта Нұр-Сұлтан қаласындағы саябақта өтетін спорттық жарысқа қатыса алады.
«Сайыстар 15-25 қыркүйек аралығында сағат 06:00-ден 21:00-ге дейін (әр қатысушыға ыңғайлы уақытта) өтеді. Қатысуға ниеттілер ұсынылған құжаттарға, яғни туу туралы куәлікке немесе жеке куәлікке сәйкес тіркелуі керек», – деп атап өтті Дене шынықтыру және спорт басқармасында.
Жарыс 5 км, 10 км, 15 км және 25 км қашықтықта өтеді. Қатысушылар топтарға бөлінеді. Барлық сұрақтар бойынша төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады.
1. Әуесқойлар арасында 10 шақырымға жүгіру – WhatsApp
18 жастан жоғары, Еділ тел.: 8 775 947 22 79
пошта: Aitbaev_Edil@mail.ru
2. Кәсіпқойлар арасында 5 шақырымға жүгіру – WhatsApp
40 жас және одан үлкендер, Думан тел.: 8 747 619 15 55
пошта: mass.sports@mail.ru3. Әуесқойлар арасында 25 шақырымдық веложарыс – WhatsApp
18 жастан жоғары, Нұрлы тел .: 8 771 166 03 06
пошта: Ali_nurli_loko_98@mail.ru4. Кәсіпқойлар арасында 15 шақырымдық веложарыс – WhatsApp
40 жас және одан үлкен, Ерлан тел.: 8 701 909 66 77
пошта: 87770067600@mail.ru
Әуесқойлар мен кәсіпқойлар арасындағы онлайн-жарыстардың нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталып, олар арнайы сыйлықтар мен медальдарға ие болады.