Кейбір нысандардың демалыс күндері жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Бұл туралы Ведомствоаралық комиссия отырысында белгілі болды
Қазақстанда карантин шаралары жеңілдеп, демалыс күндері кей нысандардың жұмысына рұқсат берілді. Бұл туралы ведомствоаралық комиссияның отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Демалыс күндері мына нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді:
- сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық қызмет көрсететін объектілерге (порталда тіркелу infokazakhstan.kz, 1 келушіге алдын ала жазылу бойынша 4 ш. м.);
- фитнес-орталықтары, спорттық-сауықтыру орталықтары, тренажер залдары, спорттық кешендер, СПА-салондар, сауналар, бассейндерге (порталда тіркелу infokazakhstan.kz, толымдылығы 30% артық емес, бірақ 50 адамнан артық емес, алдын ала жазылу, бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау);
- діни нысандарға (жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізбей).