Қазақстанның жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бұл облыстарда қатты жел соғып, жаңбыр жауады
Қазақстанның жеті облысында және Нұр-Сұлтан қаласында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақтөбе облысында найзағай, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с артады.
Қостанай облысында найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, 25 м/с жетуі ықтимал.
15 қыркүйекте Ақмола облысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20, 23 м/с артады.
Жамбыл облысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Кей жерлерде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с артады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, 23 м/с артады.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ болады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болжанады.