$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.11.2019, 05:41
Жаңалықтар

Жамбыл облысында екі медициналық колледж заңсыз жұмыс істеген

Шу мен Меркі ауданындағы екі бірдей медициналық колледж лицензиясы жоқ болса да, шәкірт қабылдап, оқу жылына кірісіп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ktk.kz-ке сілтеме жасап

Жамбыл облысында екі медициналық колледж заңсыз жұмыс істеген
Фото: ашық дереккөзден

Оқу орындарының заңсыз жұмысын білім саласын бақылау департаменті кездейсоқ анықтаған. Тексеріс жүргізіп, біраз кемшілікті  әшкерлеп, дереу жұмысын тоқтатуға пәрмен берген. Биыл ашылған білім ошағы 120-ға жуық шәкіртті қабылдап, оқу ақысын алып үлгерген. Дау туған соң студенттер жасына қарай мектеп пен басқа оқу орындарына бөлініп, төлемақы да қайтарылған.

Шу қаласындағы білім ошағы Алматы медициналық колледждің филиалы болып шықты. Ал Меркідегі медицина қызметкерлерін даярлайтын оқу орны лицензия алуға өтініш те бермеген. Мұнда 80 шәкірт қабылданған. Олар түгелдей Алматыға ауыстырылды.

«Тоғыз талап орындалмаған. Мамандар қайта барып көрді, құжаттары дұрыс болса да, материалдық базаға, оқулықтарға, оқытушыларға келгенде сәйкес болмады», - дейді Жамбыл облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Дәмеш Өскенбаева.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Жамбыл облысы