$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.11.2019, 04:42
Жаңалықтар

Көкшетаудағы мектепте бір күнде 80 бала ауырып қалды

Көкшетаудағы №2 мектепте бүгін 260 оқушы сабаққа келмей қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ktk.kz-ке сілтеме жасап

Көкшетаудағы мектепте бір күнде 80 бала ауырып қалды
Фото: ашық дереккөзден

Көкшетауда бір күнде 80 бала ауырып мұрттай ұшты. Кешеден бері аяғынан тік тұрған дәрігерлер үй-үйді аралап, мектептегі балаларды да бастан-аяқ тексеруге кіріскен. Олардың барлығы жүрегі айнып әлсірепті.

Кеше болған сырқат белгілері оқушыларда бүгін де байқалған. Бір сәтте 80 оқушы ауырып қалғанда мектеп басшылығы дабыл қаға бастаған. Санитар мамандар мектеп асханасынан қажетті сынамалар алыпты. 

«Бүгін 260 оқушы мектепке келмей қалды. Көбін ата-аналары қауіптеніп жібермей қалған. Солай деп мектепке хабарласты. Бұл жағдайдың неден болғанын айта алмаймыз. Асханада улануы мүмкін емес. Барлық балалар тамақ ішіп жүр ғой. Қажетті тексеру жұмысын ұйымдастырып жатырмыз.  Оқушылармен бірге  екі мұғалім де науқастанып қалған. Іші ауырып, құсып, басы айналып мектепке келе алмағандарды дәрігерлер қарап жатыр. Сабақ үстінде де балалардың денсаулығын тексеруде», - дейді мектеп директоры Гүлнар Әбдіқасымова.

Білім ошағын дүрліктірген дерттің себеп салдарын санитар мамандар анықтап жатыр. Асханадағы тағамнан сынамалар алып, балалар анализ тапсыруға жіберілген. Сондықтан дәл қазір диагнозды дөп басып айту қиын, дейді мамандар.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Көкшетау #мектеп