07.11.2019, 17:21
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда күйеуі өртеп жіберген әйел өздігінен демала бастады
Оның денесінің 75 пайызын күйік шалған
Күйеуі үстіне бензин құйып, өртеп жіберген астаналық әйел өздігінен дем ала бастады, алайда жағдайы әлі ауыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«6 қазанда түскен науқастың жағдайы тұрақты ауыр, оның денесінің 75 пайызын кұйік шалған. Жағдайы жақсарып келеді, бірақ баяу. Ол есін біледі, өздігінен дем алады. Бүйрек жеткіліксіздігі сақталады», - деді Травматология және ортопедия институтының ғылыми-зерттеу орталығы баспасөз қызметінің өкілдері.
6 қазан күні полиция департаменті 43 жастағы ер адам әйеліне бензин шашып, өртеп жібергенін хабарлаған болатын. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күйік шалған әйелді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы аумағындағы аялдамадан тапқан.
Көп оқылған
28.06.2026, 11:46
Қарағандыда тергеу изоляторының қызметкерін ұрған тұрғын ұсталды
29.06.2026, 10:54
«Қалжың деп ойлаған еді»: астаналық жас жұбайлар Threads арқылы танымайтын адамдарды тойына шақырды
28.06.2026, 10:10
Қазақстанның медиа саласының дамуы: институционалдық жаңғыру және ақпараттық кеңістікті нығайту
28.06.2026, 07:16
28 маусымда аптап ыстық +41 градусқа дейін жетеді