$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.10.2019, 04:46
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда күйеуі өртеп жіберген әйел есін жиды

Зардап шеккен әйел есін жиды, бірақ науқастың жағдайы ауыр, ол жасанды тыныс алдыру аппаратынан ажыратылған жоқ, деп хабарлады sputniknews.kz

Нұр-Сұлтанда күйеуі өртеп жіберген әйел есін жиды
Фото: sputniknews.kz

«Науқас есін біледі, туыстарын танып жатыр. Денесінің 75%-ін термиялық күйік шалған, шұғыл түрде травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілді, жәбірленушінің жағдайы ауыр күйде қалып отыр», - деді баспасөз қызметінің мамандары.

Мекеменің мәліметінше, қазіргі уақытта науқас жасанды тыныс алдыру құрылғысымен дем алып жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, 6 қазан күні полиция департаменті 43 жастағы ер адам әйеліне бензин шашып, өртеп жібергенін хабарлаған болатын. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күйік шалған әйелді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы аумағындағы аялдамадан тапқан. Оқиғадан кейін күдікті қамауға алынды, ол кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Нұр-Сұлтан #өрт