Қарағандыда тағы да көлікке оқ атылды
Тапа-тал түсте көшеде келе жатқан көліктің терезесіне белгісіз біреу травматикалық қарумен оқ атқан, деп хабарлайды Астана телеарнасы
Қарағандыда тағы да жолда оқ атылды. Көлігі зақымданған жүргізуші суық қаруды ойыншыққа айналдырған бұзақыларды ұстауды талап етіп отыр. Бұл осы айда тіркелген екінші оқиға. Тапа-тал түсте көшеде келе жатқан көліктің терезесіне белгісіз біреу травматикалық қарумен оқ атқан. Жапа шегуші бұл туралы әлеуметтік желіде жазды.
Оның айтуынша, оқиға Бұқар жырау даңғылы мен Чкалов көшелерінің қиылысында болған. Сағатына 10 шақырым жылдамдықпен бұрылып бара жатқан жүргізуші көлігінің артқы терезесіне белгісіз біреу оқ атып, артынша ізін суытқан. Жәбірленушінің бейнежазбасынан кейін бұзақыны полиция іздестіріп жатыр.
«Бұл оқиға бұзақылық бабымен тіркеліп қылмыстық іс қозғалды. Бұзақыны анықтау мақсатында жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», - деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жанатай Сембеков.