Нұр-Сұлтандағы «Территория комфорта-1» тұрғын үй кешенінің үлескерлеріне жаңа үй берілетін болды
Осы жылдың 24 қазанында «Территория комфорта-1» тұрғын үй кешенінің бірінші блогы сүрілген болатын
Аталған тұрғын үйдің құрылысы 2020 жылдың қаңтар-ақпан айында басталады, деп хабарлайды Елорда Инфо.
«Территория комфорта-1» тұрғын үйінің 500-ден астам үлескері бар. Бүгінгі күні сүру жұмыстары жүріп жатыр. Жылдың аяғына дейін толық сүріліп болады. Содан соң сол жерде үй қайта салынып, үлескерлерге беріледі. Дегенмен кейбір үлескерлер тұрғын үйдің салынуын күтпей, басқа жерден үй беруді талап етуде. Бірақ тиісті шешім қабылданды, үлескерлер үйді сол жерден алатын болады», - деді Алтынбек Қайсағалиев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар, әкім орынбасары тұрғын үй кешенінің құрылысы қашан басталатын да тілге тиек етті.
«Территория комфорта-1» тұрғын үй кешенінің құрылысын 2 жыл көлемінде аяқтау жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстары келесі жылдың қаңтар, ақпан айларында басталады», - деді ол.
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда 500 үлескердің үміті 23:40-та үзілді