03.08.2020, 00:53
Жаңалықтар
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 18 миллионға жуықтап қалды
COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 685 мыңнан асты
Фото: ашық дереккөзден
Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, әлемде Covid-19 жұқтырғандар саны 18 миллионға жуықтап қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.
«Пандемия Аустралия, АҚШ, Оңтүстік Африка және Үндістанда жылдам тарап жатыр. Әлем бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны 17,9 миллионнан асты. Коронавирустан 685 мыңнан астам адам қайтыс болды. 10,6 млн адам жазылып шықты», - деп жазылған ақпаратта.
Коронавирус жұқтырғандардың саны бойынша алғашқы ондықта АҚШ (4,7 млн), Бразилия (2,7 млн), Үндістан (1,7 млн), Ресей (850 мың), Оңтүстік Африка (503 мың), Мексика (434 мың), Перу (422 мың), Чили (359 мың), Иран (306 мың), Колумбия (306 мың) тұр.
Көп оқылған
09.09.2026, 10:10
Оралда ер адам танысын асқан жауыздықпен пышақтап өлтіріп, сотта өзін қорғадым деп ақталған
09.09.2026, 12:05
«Бес қабат үйдің материалымен 9 қабат үй салып жіберген»: Ұлдана Мырзуанның сотында сарапшы сұмдық мәліметті жария етті
09.09.2026, 14:32
Бір топ еркекпен жеке қалған: ақтөбелік әйел қызының көзінше тікелей эфирде былапыт сөйлеген (ВИДЕО)
10.09.2026, 14:21
«Әпкеңді ұрамын және ұра беремін»: Ақтөбеде экс-полицей жездесіне оқ атқаны үшін 10 жылға сотталды