$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.08.2020, 00:27
Жаңалықтар

3 тамыз күнгі ауа райы болжамы

Дүйсенбі күні республиканың кей жерлерінде жел күшейеді

3 тамыз күнгі ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

3 тамыз күні Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады. Тек еліміздің батысында ғана найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп, шаңды дауыл тұрады. Бұршақ жаууы ықтимал. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Бұршақ жаууы ықтимал, кей жерлерде желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Алматы облысында күн күркіреп, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзаған жарқылдап, шаңды дауыл тұрады. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел қарқыны - 15-20 м/с. Шаңды дауыл соғады.

Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау, Павлодар және Қарағанды облысында қатты ыстық болады. 

Қызылорда облысында, Түркістан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары