03.08.2020, 05:58
Жаңалықтар
ШҚО-да карантин шаралары 17 тамызға дейін ұзартылды
Шектеу шараларының мерзімі жағдайға сәйкес өзгертілуі мүмкін
Фото: altaynews.kz
ШҚО-да карантин шаралары тағы екі апта мерзімге ұзартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.
Сәйкес қаулыға ШҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаилов қол қойды.
«Шығыс Қазақстан облысының аумағында шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтің және халықтың өмірінің ерекше шарттарымен бұрын қабылданған және енгізілген қатаң шектеу шаралары 2020 жылғы 03 тамыз сағат 00.00-ден 2020 жылғы 17 тамыз сағат 00.00-ге дейін ұзартылсын. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімі облыс аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуы бойынша жағдайға сәйкес өзгертілуі мүмкін», - делінген Қаулыда.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді