«Ақ жол» партиясының өкілдері Сарға ауылында сайлауалды үгіт-насихат жұмысын өткізді

Партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді

«Ақ жол» партиясының өкілдері Сарға ауылында сайлауалды үгіт-насихат жұмысын өткізді
Фото: «Ақ жол» партиясы/Видеодан скрин

«Ақ жол» демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық сайлауалды штабының өкілі, Бейнеу аудандық мәслихат депутаты Райымбек Түзелов бастаған үгіт-насихат тобы Бейнеу ауданына қарасты Сарға ауылында партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үгіт жұмысы аясында ауыл тұрғындарына партияның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, шағын және орта бизнесті қолдауға, ауылдық жерлердің әлеуетін арттыруға, отандық өндірісті дамытуға және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бастамалары кеңінен түсіндірілді.

«Сарға ауылының тұрғындарына жүгізілген ақпараттық түсіндіру жұмысы ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтармен пікір алмасудың маңызды алаңы болды. Азаматтардың пікірін ескеру және нақты ұсыныстарды алға тарту – «Ақ жол» партиясы үшін сайлауалды жұмыстың маңызды бағыты. Үгіт-насихат кезінде партия бағдарламасындағы кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, ауыл инфрақұрылымын жақсарту және халықтың тұрмыс сапасын арттыру ұсыныстарына ерекше назар аударылды», – деді Райымбек Түзелов.