Джеки Чан көлік руліне отырып, Ақтау қаласын аралап шықты (ВИДЕО)

Джеки Чанның қасына Маңғыстау облысының әкімі отырды

Джеки Чан көлік руліне отырып, Ақтау қаласын аралап шықты (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Әлемге танымал актер Джеки Чан көлік руліне отырып, Ақтау қаласын аралап шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесудің видеосын Dala Edge Creative Tech Park бас директоры Мақсат Қиқымов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Ресми кездесуден кейін команда мүшелерінің бірі көлікке сыймай қалды. Сол сәтте Джеки Чанның өзі жүргізушіден көлікті босатуды сұрап, рульге өзі отырды. Ал Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай алдыңғы орындыққа жайғасты. Джеки Чан Ақтау қаласының көшелерімен автокөлікпен жүріп өтті. Жол бойы қаланың көркіне ерекше қызығушылық танытты», – делінген видеода.

Айта кетейік, осыған дейін Джеки Чан Armour of God: Ultimatum («Доспехи Бога 4: Ультиматум») көркем фильмінің түсіріліміне қатысу үшін Ақтау қаласына барғаны хабарланған.