Бектенов Тоқаевтың қабылдауынан кейін өзінің орынбасары Нәлібаевқа дереу жұмысқа кірісуді тапсырды
Президент қойған міндеттер аясында тұрақты экономикалық өсудің жаңа моделіне көшу үдерісі жүріп жатыр
Үкімет отырысында премьер-министрі Олжас Бектенов елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және жаңа экономикалық модельге көшу аясында ведомство басшылары мен өңір әкімдеріне бірқатар шұғыл тапсырмалар берді. Үкімет басшысы жұмыс қарқыны баяу салалар мен жауапты тұлғаларды қатаң сынға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Премьер-Министр өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне бір ай ішінде металлургия саласын ынталандыру тетіктерін әзірлеуді тапсырды.
«Тау-Кен Самұрықпен» бірлесіп, отандық кәсіпорындардың қуатын арттыру үшін импорттық алтынды ел ішінде аффинаждау ісі қолға алынады. «Qarmet» компаниясын жаңғырту аясында сұранысқа ие өнімдер тізбегі кеңейтіледі. Әкімдіктермен бірге бір апта ішінде барлық инвестициялық жобалар ревизиядан өткізіліп, проблемалары шешілуі тиіс», - деді ол.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандар құрылысы бойынша Бектенов өзінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа жұмысқа дереу кірісуді тапсырды.
Олжас Бектенов Алматы электр станциялары мен Түркістан облысындағы бу-газ қондырғысының уақтылы іске қосылуын ерекше бақылауға алды.
«Самұрық-Энерго» басшысы Қайрат Мақсұтовқа ескертемін. Алматыдағы үшінші ТЭЦ-те жұмыс қарқыны өте төмен. Егер жыл соңына дейін бітірмесеңіздер, жеке қатаң жауапкершілігіңіз қаралады. Мұндай жағдайды доғару керек», - деді үкімет басшысы.
Көлік министрлігіне «Қазақстан темір жолымен» бірлесіп, жыл соңына дейін «Дарбаза – Мақтаарал» және «Мойынты – Қызылжар» теміржол желілерінің құрылысын толық аяқтау міндеттелді.
«Саланың ашықтығын арттыру үшін көлік министрлігі мен жасанды интеллект министрлігі заманауи цифрлық құралдарды енгізіп, оларды «Smart Data Transport» бірыңғай деректерге біріктірілуі керек», - деді ол.
Ауыл шаруашылығы министрлігіне бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірлесіп, Азық-түлік корпорациясына астық өнімдерін тасымалдау шығындарын өтеу жөніндегі оператор өкілеттігін беру тапсырылды.
5 өңірге (Астана, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды облыстары) тиесілі екенін айтқан Премьер-Министр өзге өңірлердің де әлеуетін ашуды тапсырды. Жиын соңында Олжас Бектенов әрбір бірінші басшы жоспарланған экономикалық өсу көрсеткіштеріне қол жеткізуге жеке жауапты екенін қадап айтты.