Ақмола облысында жұмысшылар мінген көлік тіркемесі аударылды
Тіркеме төрт рет аударылып барып тоқтаған
Ақмола облысы Біржан сал ауданында «Қазгер» ЖШС-нің төрт қызметкері егістік басына бара жатқан жолда ауыр өндірістік жарақат алды. Оларды тасымалдаған тіркеме-будка көліктен ажырап, аударылып кеткен. Оқиғадан зардап шеккен жігіттің анасы Баян Балташеваның видеоүндеуін HALYQSTAN Telegram-арнасы жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Зардап шеккен жұмысшының анасының айтуынша, оқиға тасжолда қозғалыс үстінде болған. Жүк көлігіне тіркелген будка кенеттен ажырап кетіп, темір тіреуі жерге қадалған. Салдарынан тіркеме төрт рет аударылып барып тоқтаған.
Қазіргі уақытта жарақат алған төрт жігіттің үшеуі ауруханадан шығарылған. Алайда Баян Балташеваның ұлы Темірболат Қайыров әлі де өте ауыр жағдайда жатыр. Дәрігерлер оған омыртқаның ауыр жарақаты деген диагноз қойған. Мамандардың болжамынша, бұл жарақат жігіттің мүгедек болып қалуына әкеп соғуы мүмкін.
Марқұмның анасы жұмыс берушілердің салғырттығынан болған бұл істің аяғы«жабылып» қалуы мүмкін деп қауіптенеді. Оның сөзінше, жұмысшылар бұған дейін де басшылықтан егістікке қатынау үшін қауіпсіз көлік бөлуді бірнеше рет сұраған, бірақ өтініштері ескерусіз қалған.
Ақмола облыстық Департамент полициясы аталған дерек бойынша ресми мәлімдеме жасады. Қазіргі таңда еңбекті қорғау ережелерін бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.
«Тергеу шеңберінде болған оқиғаның мән-жайын жан-жақты және объективті түрде анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері кешені жүргізіліп жатыр», — деп атап өтті мекеме өкілдері.