Nicole Scherzinger, Flo Rida: Астанада әлемдік жұлдыздардың концертіне тегін автобус қатынайды
Астана әкімдігі арнайы автобустар қай орындардан қатынайтынын жариялады
Елордада 17 мамыр күні «Astana» гольф-клубында SOLANA FEST 2026 халықаралық фестивалі өтеді. Астана әкімдігі көрермендерге ыңғайлы болу үшін концерт өтетін орынға арнайы автобустар қатынайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«SOLANA FEST 2026 әлемдік жұлдыздар, олардың арасында – Nicole Scherzinger, Flo Rida, Busta Rhymes және т.б. өнер көрсетеді. Қонақтарға ыңғайлы болу үшін ұйымдастырушылар Астананың түрлі орындарынан фестиваль алаңына дейін және кері бағытта қатынайтын тегін шаттл автобустар ұйымдастырылады», – делінген әкімдік хабарламасында.
Шаттл-бастар мына орындардан қатынайды:
- Әзірет Сұлтан мешіті;
- Астаналық цирк;
- Орталық мешіт;
- Нұрлы жол (Мұхамеджан Тынышбайұлы көшесі жағынан).
Жүру уақыты: 15:00, 16:00 және 17:00.
Фестиваль аяқталғаннан кейінгі кері рейстер сағат 23:00-де ұйымдастырылады.
Ұйымдастырушылар жиналу орнына алдын ала келуді кеңес етеді.