Атырауда жүкті әйелдің бөксесінен ұрған ер адамның ісі сотқа өтті (ВИДЕО)
36 жастағы ер адам қамауға алынды
Атырау қаласында ер адам көшеде тұрған жүкті әйелдің бөксесінен ұрған. Жағымсыз оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Агенттік тілшісі оқиға бойынша облыстық Полиция департаментіне жүгініп, мән-жайды анықтады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ер адам көп ұзамай қолға түсті.
«Қоғамдық орында бұзақылыққа жол берген 36 жастағы қала тұрғыны анықталып, қамауға алынды. Оған қатысты жиналған іс-құжаттар сотқа жолданатын болады. Атырау қаласы полиция басқармасы тұрғындарды қоғамдық орындарда тәртіп сақтауға, айналадағы азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне құрметпен қарауға шақырады», – делінген ПД хабарламасында.
Полиция қандай да бір құқық бұзушылықтың куәсі болсаңыз немесе заңсыз әрекеттерге тап болсаңыз, бірден «102» арнасына хабарлауға шақырады.