ШҚО әкімінің экс-бірінші орынбасарына қатысты сот үкімі шықты

Ол ірі көлемде пара алды деген айыппен сотталды

ШҚО әкімінің экс-бірінші орынбасарына қатысты сот үкімі шықты
Фото: gov.kz

Бүгін Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің экс-бірінші орынбасары Жаксылық Омарға қатысты үкім шығарылды. Ол алаяқтық және пара алу бойынша күдікке ілінген. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі YK-news.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сот шенеунікті кінәлі деп танып, оған 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ, Toyota автокөлігі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Айта кетейік, биыл ақпан айында Жаксылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат желіде тараған болатын. ҰҚК мәлімдегендей, ШҚО әкімінің бірінші орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан.

Оған ҚР ҚК 190-баптың 3-бөлігінің 1 және 2-тармақтары (ірі көлемде алаяқтық) және 366-баптың 3-бөлігінің 3-тармағы (ірі көлемде пара алу) бойынша айып тағылған еді.