10.02.2026, 10:50
Жаңалықтар
Абай облысында қарлы боранға байланысты көлік қозғалысына шектеулер енгізіліп, мектептер онлайнға көшті
Полиция департаменті облыс тұрғындарына ескерту жасады
Абай облысында ауа райы күрт нашарлап, боран, қарлы бұрқасын және қатты жел соғып тұр. Осыған байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция жүргізушілерді алыс жолға шықпауға, енгізілген шектеулерді қатаң сақтауға және қауіпсіздік талаптарын бұзбауға шақырады. Барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп, жолда қалған азаматтарға көмек көрсетуде.
«Ресми ақпаратты қадағалап, өз қауіпсіздігіңізді сақтаңыз», – делінген хабарламада.
Айта кетерлігі. Семей қаласының мектептерінде ауа райына айланысты бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары және колледждің l, ll курс студенттері үшін сабақтар онлайн форматқа ауыстырылды.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Бүгін, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды