Бакуде бір адам ресторанды әдейі өртеп, ішіндегі адамдардың шығуына кедергі жасаған (ВИДЕО)
Ер адам осылайша өш алғысы келген
Гарадаг ауданының Гобустан ауылында Şeyx Lounge рестораны әдейі өртелген. Бастапқы мәлімет бойынша, бәрі екі адам арасындағы жанжалдан басталған. Келіспеушілік тез арада төбелеске ұласып, оның біреуі ғимаратқа бензин шашып, өрт қойған,деп жазады Azattyq Rýhy.
Сонымен қатар, ол кіреберіс есікті сырттан жауып, қонақтардың отқа оранған ғимараттан шығуына мүмкіндік бермеген. Мәліметке сәйкес, өртті Джавид есімді ер адам жасаған.
Адамдарды құтқарған асхана бөлігіндегі артқы есік, дәл сол арқылы қонақтар эвакуацияланған. Оқиға кезінде бір адамның аяғын күйік шалып, ауруханаға жеткізілген. Қазірге дейін басқа зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Мейрамхана иелері Назир Ғадирли мен Джахангир Ғадиров басқарған мекемеге 120 000 манат көлемінде залал келген. Сондай-ақ, қонақтарға келген материалдық шығын 20 мың манаттан асады деп бағаланған.
Әзербайжан төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, астананың Гарадаг ауданындағы бір қабатты ғимараттарда (кафе, автокөлік бөлшектерін сататын дүкен және автокөлік жөндеу шеберханалары), жалпы ауданы 600 м², өрт шыққан. Кафенің жанғыш конструкциялары 250 м² алаңда өртенген.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өкілі полиция лейтенанты Эльбрус Ибрагимов өрттің әдейі қойылғанын растаған. Оның сөзінше, қылмыс жасады деп күдіктілердің екеуі анықталып, ұсталған.
Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.