Алматы қаласының тұрғындарына ескерту жасалды
Алматыда ауа сапасы күрт нашарлайды
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін, 10 ақпанда еліміздің бір қаласында атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануы күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл зиянды қоспалардың ауада таралмай, жерге жақын қабатта шоғырлануына әсер ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың қалыптасуымен байланысты.
«2026 жылғы 10 ақпанда Алматы қаласында ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», – деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосферадағы зиянды заттардың таралуына кедергі келтіретін табиғи құбылыстар. Олар:
- желсіз немесе әлсіз жел;
- тұман;
- температуралық инверсия.
Мұндай жағдайларда ластаушы заттар ауада жиналып, оның сапасы уақытша нашарлайды. Әсіресе, бұл тығыз қоныстанған аудандар мен өнеркәсіп орындары орналасқан аймақтарда айқын байқалады.