$ 491.88  585.83  6.36
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар тұрғыны полицейді тістеймін деп үш жылға сотталып кетті

Павлодар тұрғыны полицейге шабуыл жасағаны үшін колонияға жіберілді

Павлодар тұрғыны полицейді тістеймін деп үш жылға сотталып кетті
Фото: Әсет Құндақбаев

Павлодар қаласының тұрғыны полицейге қарсы күш қолданғаны үшін сотталып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған 38 жастағы азаматқа үкім шығарды. Ол үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу мәліметінше, оқиға 2025 жылдың тамыз айында Бәкиева мен Құдайбердиев көшелерінің қиылысында болған. Түнгі уақытта полиция қызметкерлері алкогольдік мас күйдегі ер адамды құжаттарын тексеру үшін тоқтатқан. Тексеру барысында ол полицейдің бірін бетінен ұрған.

Құқық бұзушы ұсталып, медициналық куәландыруға жеткізілген. Патрульдік көлікте ол сыртқа шығудан бас тартып, шығару кезінде полиция қызметкерін білегінен тістеп алған.

Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындамай, полиция қызметкерлері оған күш қолданып, газ баллонын пайдаланғанын мәлімдеді. Алайда сот іс материалдары мен айыптау тарапы ұсынған дәлелдерді зерттей келе, оның кінәсі дәлелденді деген қорытындыға келіп, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.