$ 494.63  583.22  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін – Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл

Балалық шағы соғыстың қасіретті жылдарында өткен

Бүгін – Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл
Фото: gov.kz

9 ақпан - Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі. Оның сырлы сезімге толы жырлары қалың оқырманның жүрегінен орын алды», – деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол – 1931 жылдың 9 ақпанында Алматы облысына қарасты Райымбек ауданында дүние есігін ашқан. Балалық шағы соғыстың қасіретті жылдарында өтті.

Мұқағали Мақатаев «Қазақ радиосының» дикторы, Шалкөдеде Қызыл отау меңгерушісі, Нарынқол аудандық «Советтік шекара» (қазіргі «Хантәңірі») газетінің жауапты хатшысы, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналдарында әдеби қызметкер, Жазушылар одағы поэзия бөлімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Оның «Қарлығашым, келдің бе?», «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Соғады жүрек», «Шолпан» және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, «Қош, махаббат!» атты прозалық кітаптары жарыққа шыққан.