$ 494.63  583.22  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да үш жасар бүлдіршін көмірқышқыл газына уланып қалды

Бүлдіршін қазір ауруханаға жатқызылды

ШҚО-да үш жасар бүлдіршін көмірқышқыл газына уланып қалды
Фото: istockphoto.com

Шығыс Қазақстан облысында үш жасар бүлдіршін көмірқышқыл газына уланып қалды. Оқиға Алтай қаласында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Yk.kz сайтына сілтеме жасап.

Құтқарушылардың мәліметінше, пештің ысырмасы мерзімінен бұрын жабылып, жарықшақтар салдарынан көмірқышқыл газы Гребенкина көшесіндегі тұрғын үйге тараған.

Оқиға салдарынан 2023 жылы туған бала ауруханаға жатқызылды.

«Баланың ата-анасы өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады», – деп хабарлады ТЖД.

Ведомствоның мәліметінше, жылыту маусымында пештерді дұрыс пайдаланбау салдарынан болатын жазатайым оқиғалар саны әдетте арта түседі.

ШҚО ТЖД тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және жылыту жүйелерінің жарамдылығын уақытылы тексеріп отыруға тағы да шақырады.