$ 502.57  591.68  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Үйленетінімді айтқан едім»: Димаш өзінің командасындағы әншіні таңғалдырған

Расул Усманов тойына Димаштың өзі келеді деп ойламаған

«Үйленетінімді айтқан едім»: Димаш өзінің командасындағы әншіні таңғалдырған
Фото: dimash.com

Әнші Димаш Құдайбергеннің «DQ Team» командасы Qazaqstan ұлттық телеарнасындағы «1001 түн» бағдарламасында қонақта болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бағдарлама барысында бек-вокалист Расул Усманов Димаштың тойына келетінін күтпегенін айтты.

Оның сөзінше, командаға қосылғаннан кейін шамамен жарты жылдан соң Димаш Құдайбергенмен жеке өмірі жайлы әңгімелескен.

«Мен жазда үйленетінімді айттым. Сонда Димаш «тойыңа барамын» деді. Ол сөзге аса мән бермедім. Алайда жазда ұзату тойы өтіп жатқан күні Димаш хабарласып, мекенжайды сұрады. Сол сәтке дейін сенбедім. Бірақ ол шынымен келді», - деді Расул Усманов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Димаштың анасы Светлана Айтбаева ұлының болашақ жарына қояр талабын ортаға салған болатын. Ол баласының таңдауына толық сенетінін атап өтті.

«Қатаң талап қоймаймыз. Кім болса да бұйырғаны. Құшақ жая қарсы аламыз. Әрине, жақсы кеңестерімізді айтуға тырысамыз. Өзіміздің әулетіміздегі әдемі қағидаларға баулитынымыз рас», - деп түйіндеді ол.

 

 

Серіктес жаңалықтары