$ 518.4  598.13  6.55
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанадағы оқушы қыздың өлімі: полиция тың дерек жариялады

Ол 24 қараша күні кешкі уақытта үйінен шығып кеткен

Астанадағы оқушы қыздың өлімі: полиция тың дерек жариялады
Фото: Видеодан скрин

Астанада оқушы қыз баланың өліміне қатысты полиция тың дерек жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Агенттік тілшісіне берген пікірінде Полиция департаменті қыз баланың 24 қараша күні кешкі уақытта жоғалып кеткенін мәлім етті.

«24 қарашада сағат 21:00-де полицияға елорда тұрғынынан 18:30 шамасында қызының үйінен шығып кетіп, байланысқа шықпай қойғаны туралы арыз келіп түсті. Оны іздеуге жедел түрде полицияның жеке құрамы, еріктілер және өзге де күштер жұмылдырылды.

Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде мектеп оқушысының мәйіті өзеннен табылды. Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – делінген Полиция департаментінің агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде.

Айта кетейік, Астанада жоғалып кеткен оқушы қыздың мәйіті Есіл өзенінен табылғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары