$ 518.4  598.13  6.55
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Денсаулық сақтау министрлігінде Ұлдана Мырзуанды еске алу құрметі өтті

Ол қызмет барысында ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігінде Ұлдана Мырзуанды еске алу құрметі өтті
Фото: Instagram/rustemova_aliya

Денсаулық сақтау министрлігінде қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанды еске алу құрметі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Денсаулық сақтау министрлігінде алқа отырысы басталар алдында Астана қаласының 23 жастағы жедел медициналық жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқанына орай бір минут үнсіздік жарияланды.

«Еліміз бойынша 100 мыңнан астам медицина қызметкері өз жұмыс орындарында әріптесінің жарқын бейнесін еске алып, құрмет көрсетті. Ол шұғыл жағдайда адамдардың өмірін құтқару үшін өз өмірін қиған болатын.

Ұлдана Мырзуан қаза тапқаннан кейін жоғары мемлекеттік наградамен марапатталды. Ол қызметтік борышын үлгілі орындағаны, ерлігі мен қайсарлығы үшін мемлекет басшысының жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен наградталды», – делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетерлігі, Астанада үстіне кондиционер құлап кеткен жас фельдшер ауруханада көз жұмғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары