25.11.2025, 13:06
Оқиғалар
Шұғыл: Астанада жоғалып кеткен оқушы қыздың мәйіті Есіл өзенінен табылды
Алдын ала болжам бойынша марқұм көпірден өзенге қарай секірген
Фото: скриншот
Кеше, 24 қараша күні кешке Астанада жоғалып кеткен оқушы қыздың мәйіті табылды. Өкінішке қарай, бала Есіл өзеніне батып, көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Криминалды Қазақстан» телеграмм-арнасындағы мәліметке сүйенсек, баланың жоғалғаны туралы арыз 24 қарашада түскен.
«24 қараша күні полицияға арызданған анасы қызы сағат 18:30 шамасында үйден шығып кеткенін, содан бері байланысқа шықпағанын айтқан. Полиция мен еріктілер баланы бірден іздей бастаған», - деп жазылған ақпаратта.
Дереккөзге сүйенсек, қыз бүгін таңғы сағат алты кезінде көпірден секіріп кеткен. Полиция бірнеше сағат өткенде оның мәйітін Есіл өзенінен тапқан.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр