$ 509.94  593.88  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Есіл өзенінен мәйіті табылған оқушы қыз түні бойы далада жүргені анықталды

Қайғылы оқиға бүгін таңертеңгі уақытта болды

Есіл өзенінен мәйіті табылған оқушы қыз түні бойы далада жүргені анықталды
Фото: Видеодан скрин

Астанада таңертеңгі уақытта мәйіті табылған оқушы қыздың түні бойы далада жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің агенттік тілшісіне берген пікірінде қайғылы оқиға бүгін таңғы 06:30-да болған.

«112» пультіне ПД ЖБО  Сарыарқа ауданында «Серуен» көпірінен Есіл өзеніне адам секіргені туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жедел жеткен жедел-құтқару жасағының сүңгуірлер тобы 07:02-де 2011 жылғы қыз баланың денесін судан алып шықты», – делінген ТЖД хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, 24 қараша күні сағат 21:00-де полицияға елорда тұрғынынан 18:30 шамасында қызының үйінен шығып кетіп, байланысқа шықпай қойғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары