Петропавлда жасырын той жасағандар жауапқа тартылды
Петропавлда төтенше жағдай алынғалы бері осындай 5 факт анықталған

Петропавлда жасырын той жасағандар жауапқа тартылды. Қала тұрғындары жас жұбайлардың «Конгресс» мейрамханасына кіріп бара жатқан кезін суретке түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялаған. Полиция қызметкерлері мен санитарлық дәрігерлер той өтіп жатқанын көрсеткен бұл постқа шұғыл түрде шара қабылдады, деп хабарлайды деп Azattyq Rýhy тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған факт бойынша мейрамхана иесіне қатысты әкімшілік материал жиналған. Олар заң алдында жауап береді.
«Қазіргі уақытта вирустың таралмауына бағытталған белгіленген шектеулерді сақтау аса маңызды. Өкінішке қарай, бұған барлығы түсіністікпен қарай бермейді, осыған байланысты профилактикалық шаралардан әкімшілік ықпалы бар шараларға көшуге тура келеді. ТЖ режимі алынған сәттен бастап, карантиндік шараларды сақтамағаны үшін 127 әкімшілік материал жиналды», - дейді СҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қанат Айтбаев.
Дәл осындай мейрамхананың әкімшісіне қатысты тағы бір шара қабылданған. Қырағы қала тұрғындары «Эмират» мейрамханасында той өтіп жатқаны жайлы полицейлерге хабарлаған. «Бәрі үйде отыруы керек, егер осы үйлену тойында кем дегенде біреу ауырса, ол бәріне жұқтырады, жағдай қиын, бірақ сіздерге той керек», - деп жазған желі қолданушылары.
«Бас санитарлық дәрігердің қаулысын сақтамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабы «Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау» бойынша үштен екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертеміз», - деді Айтпаев.
Жалпы, Петропавлда төтенше жағдай алынғалы бері соңғы екі айдың ішінде осындай 5 факт анықталды.
Эльмира Мәмбетқызы, СҚО