$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.06.2020, 09:53
Оқиғалар

Жамбыл облысында жүк пойызынан бензині бар цистерна құлап, өрт шықты

Оқиға Шу ауданындағы Шоқпар станциясында болған 

Жамбыл облысында жүк пойызынан бензині бар цистерна құлап, өрт шықты
Фото: Rahmat Gul

Жамбыл облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетке сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, Шу ауданындағы Шоқпар станциясында түнгі сағат екі шамасында Алматы – Ақтоғай жүк пойызының екі вагоны рельстен шығып кеткен.

«Құлаған 60 тонналық цистернадағы жанармайдың жартысы төгіліп, 600 шаршы метр аумақта өрт шықты. 75 метр шойын жолға зақым келді», - делінген хабарламада.

Өрттің салдарынан Шу, Алайғыр және Еспе теміржол станциясында 10 жолаушы пойызы тоқтатылды.

«Қазақстан темір жолы» компаниясының құрылымдық күштерінің көмегімен 10 жеке тұрғын үй секторының 42 тұрғыны эвакуацияланып, олар Шокпар ауылындағы туыстарының үйіне орналастырылған. 

Шу станциясындағы өрт сөндіру пойызының көмегімен таңғы сағат 6-да өрт толық сөндірілді.
 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#пойыз #Шу ауданы