ШұғылCOVID-19: елімізде тағы 1060 адамнан коронавирус анықталды

БҚО-да коронавирустан тағы үш адам қайтыс болды

Батыс Қазақстан облысында COVID-19 вирусын жұқтырған тағы үш адам қайтыс болды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қайтыс болғандардың бірі 1938 жылғы әйел болса, екеуі – 1981 және 1963 жылғы ер адамдар.

82 жастағы әжей ауруханаға 8 маусым күні түскен. Оның басқа да аурулары болған. 15 маусым күні науқаста пневмония пайда болып, ауруы асқынып кеткен.

1981 жылғы науқастың ауру белгілері 27 мамырда пайда болып, 3 маусымда ол жедел жәрдем шақыртқан. Ауруханаға түскен күні одан ПТР-тест алынып, нәтижесі оң болып шыққан. Сол уақыттан бері ер адамның сырқаты асқына беріпті. 15 маусым күні ол екіжақты пневмониядан көз жұмған.

1963 жылғы ер адамның коронавирус жұқтырғаны 13 маусым күні анықталған. Арада небәрі бір күн өткеннен кейін ол қайтыс болып кетті.

Сұхбат
Танымал психоаналитик Анна Құдияровамен сұхбат
Қазақстан ғалымдары КВИ-ге қарсы вакцинаны 45 күнде әзірлеген
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
Филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешовпен латын әліпбиіне қатысты сұхбат