$ 538.53  623.94  6.59
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Семей орманында» бұрын ағаш кескені үшін сотталған адамдар мен ұрылар жұмыс істеп жүрген

Әкімшілік тіпті жүргізуші куәлігі жоқ адамдарды да жұмысқа алған екен

«Семей орманында» бұрын ағаш кескені үшін сотталған адамдар мен ұрылар жұмыс істеп жүрген
Фото: freepik.com

Абай облысының прокуратурасы «Семей орманы» кәсіпорнының филиалында қандай адамдардың жұмыс істеп жүргенін тексеріп, бірнеше адамды қызметінен босатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бородулиха ауданы прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, «Семей орманының» осы аудандық филиалында бұрын істі болған адамдар жұмыс істеген. Дәлірек айтсақ, бұрын бірнеше қылмыс бойынша сотталған адам «отын дайындаудың заңдылығын тексеретін» маманның лауазымын атқарып жүріпті

«Атап айтқанда, бұрын заңсыз ағаш кескені үшін сотталған адам, бөтен мүлікті ұрлау фактілері бойынша жауапқа тартылған адамдар жұмыс істеген. Сондай-ақ жүргізуші куәлігінен айырылған арнайы техника жүргізушісі де еңбекке қабылданған», - деп хабарлайды прокуратура.

Айта кетейік, былтыр «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты филиалының директоры мен жиырмадан астам қызметкерін полиция заңсыз ағаш сатты деген күдікпен қолға түсірген еді. 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Семей Орманы