22.10.2025, 17:05
Оқиғалар
Астанаға мас күйінде ұшып келген неміс азаматы полицияның қолына түсті
Ол ішімдік ішіп, жолаушылардың мазасын қашырған
Фото: Көліктегі полиция департаменті
Қазақстанның Көліктегі полиция департаменті «Франкфурт-Астана» рейсімен Астанаға ұшып келген 48 жастағы азаматты ұстап, оны жауапқа тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Көліктегі полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, ол мас күйде ұшақтағы жолаушылардың мазасын алған.
«Германияның 48 жастағы азаматы бортқа мас күйде мініп, экипаждың талабына бағынбаған. Жан-жағындағы адамдарға балағат сөз айтып, агрессия танытқан», - деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Астана әуежайына келген полицейлер неміс азаматын Қазақстанның Әкімшілік кодексіндегі үш бап бойынша жауапқа тартқан.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды