22.10.2025, 16:37
Оқиғалар
Қызылордада ұлын басқалармен төбелестірген көпбалалы әкеге ірі көлемде айыппұл салынды
Балалар футбол алаңында төбелескен
Фото: istockphoto.com
Қызылорда облысы Арал аудандық сотында баласын біреудің ұлымен төбелестірген әке 137 мың теңге көлемінде айыппұл арқалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Соттың мәліметіне сүйенсек, ер адам футбол алаңында ойнап жүрген ұлын басқа біреудің кәмелетке толмаған баласымен төбелестірген. Сот бұны «кәмелетке толмаған баланы әкімшілік құқық бұзушылыққа итермеледі» деп бағалаған.
«Сотта ер адам кінәсін толық мойындап, әрекетіне өкінетінін, кәмелетке толмаған алты баласы барын айтқан. Сот осы мән-жайларды ескере отырып, ер адамға 137 мың теңге айыппұл салған», - деп хабарлайды Қызылорда соттары.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды