$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.07.2024, 09:13
Оқиғалар

«Семей орманы» филиалының директоры мен жиырмадан астам қызметкері ұсталды (ВИДЕО)

Олар ағаш ұрлап, оны сатты деген күдікке ілінді

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты филиалының директоры мен жиырмадан астам қызметкерін полиция ұстап әкетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олар ормандағы ағашты заңсыз кесіп, заңсыз сатты, сондай-ақ пара алды деген күдікке ілінді.

«2024 жылдың 9 шілдесінде Абай облысының аумағында «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты филиалының директоры басшы болды деген  қылмыстық топ ұсталды. Орман ағашын заңсыз кесіп, заңсыз сатты деген күдікпен полицияға жиырмадан астам адам жеткізілді. Тінту өтіп, ұрланған ағаш, ағаш кесетін станок,  ақша және құжаттар тәркіленді. Филиал директоры мен қылмысқа қатысы бар деген күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Қазір осы ұсталған азаматтардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тергеліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары