23.06.2020, 11:12
Оқиғалар
Қостанай облысында үй өртеніп, екі әжей қайтыс болды
Бір қабатты үйде газ баллоны жарылған
Қостанай облысының Әулиекөл ауданында жекеменшік үй өртеніп, салдарынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға 23 маусымда таңғы сағат төрт шамасында болған. Бір қабатты үй толық өртеніп кеткен. Өрт сөндірушілер ғимарат ішінен 2 газ баллонын алып шыққандарын айтты. Тағы бір баллон құтқарушылар келгенше жарылып кеткен.
«Өрт сағат 05-52-де толығымен жойылды. Оқиға орнында 1937 жылы туған және 1936 жылы туған екі әйелдің мәйіті табылды. Өртті сөндіруге ТЖД күштері мен құралдары жеке құрамынан 8 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды», - делінген аталған хабарламада.
Көп оқылған
18.08.2026, 10:42
«Денесінің сау тамтығы жоқ»: «Барни» үшін құрбан болды деген келіншекке қатысты сұмдық мәлімет жарияланды
18.08.2026, 09:34
Астанада жасөспірім қыз бала тұрғын үйден құлап, мерт болды
18.08.2026, 09:42
Іле ауданында жер үйден шыққан жылан жұртты шошытты (ВИДЕО)
18.08.2026, 16:52
Ұлдана Мырзуанның қазасы бойынша сот отырысы: Әділет Зейнел жәбірленуші мәртебесінен бас тартты