28.08.2025, 18:00
Оқиғалар
Петропавлдағы сауда орталықтарының бірінде 8 жасар бала эскалатордан құлап кетті (ВИДЕО)
Дереккөзге сүйенсек, бала сауда орталығына ағасымен бірге келген
Фото: скриншот
Петропавлдағы сауда орталықтарының бірінде 8 жасар бала эскалатордан құлап кеткен. Оның видеосы бүгін, 28 тамыз күні желіде таралып жатыр, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Криминалды Қазақстан» телеграмм-каналының мәліметіне сүйенсек, бала кеше, 27 тамыз күні кешке сауда орталығының екінші қабатындағы экскалаторға жабысып тұрып, бірінші қабатқа қарай құлап кеткен. Бала ойын-сауық орталығына үлкен ағасымен бірге келген көрінеді.
«Кадрға қарасақ, бала ес-түссіз жатыр. Оның жақ сүйегі жараналған деген ақпарат бар. Сондай-ақ полиция оның ата-анасын да жазалауы мүмкін, өйткені, кішкентай бала ойын-сауық орталығына үлкен адамға ермей келген», - деп жазады телеграмм-арна.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді