$ 537.75  626.43  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ұлын соңғы сапарға шығарып сала алмады»: Бестеректегі апатқа қатысты жан түршігерлік ақпарат расталды (ВИДЕО)

Астанада емделіп жатқан екі бала бір үйдің баласы, ал олардың бауырлары қаза тапты

Абай облысы Үржар ауданы Бестерек ауылындағы жол апатынан кейін дәрігерлер Астанаға әкелген екі бала – бір үйдің балалары екені расталды. Ең өкініштісі, Бестерек ауылында жерленген бір ұл бала да осы отбасының бүлдіршіні, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Астана қаласы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында жатқан екі бала бір үйден. Анасы ауруханада балалармен бірге», - деп хабарлады Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы.

«Жетінші арнаның» тілшілері анықтағандай, Бестерек ауылында жерленген бір ұл бала да осы үйдің баласы.

«Анасы кіші ұлын соңғы сапарға шығарып сала алмады. Ол жол апатынан аман қалған екі баласымен бірге Астанаға кеткен», - деп хабарлайды тілшілер.

Естеріңізге салайық, 19 тамыз күні Абай облысының Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылында қорқынышты жол апаты болды. Сол ауылдың 55 жастағы тұрғыны үйдің алдында ойнап жүрген 6 баланы басып кеткен. Салдарынан үш бала қаза тауып, қалған үшеуі ауыр хәлде ауруханаға жатқызылды. Көлік қағып кеткен балалар ата-әжесіне қыдырып барған екен. Ауруханаға түскен үш баланың екеуін санавиация 20 тамыз күні Астанаға әкелді. Қазір жол апатынан аман қалған үш баланың да жағдайы ауыр, реанимацияда жатыр.

Қайғылы оқиғадан кейін ұсталған жүргізушінің ұлы қара жамылған отбасылардан кешірім сұрады. Оның айтуынша, жол апаты кезінде әкесінің жүрегі ұстап қалған.

 

Серіктес жаңалықтары